10.09.2007, 18:03 2837

Павлодарда бопсалаушылығы мен пара алғаны үшін полицияның тергеушісі сотталды

Павлодарда бопсалаушылығы мен пара алғаны үшін полицияның тергеушісі сотталды.

"ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". 10 қыркүйек. ПАВЛОДАР. Павлодарда АІІБ-ның тергеу бөлімінің 26 жастағы қызметкері Есенғали Жанасов бопсалаушылығы мен пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Павлодар облыстық Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментінен хабарлады.

"Сот тұтқынды ҚР Қылмыстық кодексінің "Лауазымды тұлғаның пара берушінің пайдасына іс-әрекет еткені немесе әрекетсіздік үшін пара алуы" жөніндегі 311 -бабы бойынша айыпты деп тапты. Е. Жанасовқа 3 жылға бас бостандығынан айыру және жазаны жалпы тәртіптегі абақтыда өтеу жөнінде үкім шығарылды ", - делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, полиция капитаны қала іргесіндегі Григорьевка ауылында тұратын әйелді зорлау және оның денесіне зақым келтіру жөніндегі істі тергеп жатқан. Тергеу барысында қылмысты үш жас жігіттің істегені анықталған. "Тергеуші бір күдіктіге психологиялық қысым көрсетіп, одан 50 мың теңге бопсалаған", - деп хабарлайды қаржы полициясы. Ол осы ақыға күдіктіні қылмыстық қудалауды доғаруға уәде берген.

Алайда, еркек Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес департаментіне шағымданып, тергеушінің өзінен ақша бопсалағанын хабарлаған. Нәтижесінде оперативтік қызметкерлер полиция капитанын қаладағы бір дәмхананың жанында пара алып жатқан сәтте ұстады. "Таңбаланған ақшалар тергеушінің көлігінде болған", - деп түсіндіреді департаменттегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны