21.05.2008, 16:31 3107

Павлодарда Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлтірілуіне байланысты "Құрықтау" жоспары енгізілді

Павлодарда Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлтірілуіне байланысты "Құрықтау" жоспары енгізілді

Павлодар. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" -Павлодарда Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі Рамазан Жұматаевтың өлтірілгеніне байланысты "Құрықтау" жоспары енгізілді. Бұл туралы журналистерге Павлодар облысының ішкі істер департаментінің криминалдық полициясы басқармасы бастығының орынбасары, тергеу тобының бастығы Серік Құлбаев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Куәгерлердің айтуынша, жәбірленуші адам көліктің ішінде отырғанда білгісіз біреу оған автоматтан оқ жаудырған. Қазіргі уақытта оқиға орнында шұғыл тергеу тобы жұмыс істеуде. Сол жаққа облыстық ішкі істер департаментінің басшылығы да келді.

Қылмыскерді қалада қолға түсіру үшін сол сәтте полицияның барлық бөлімшелері жұмылдырылып, "Құрықтау " жоспары енгізілді. Белгілі болғанындай кісі өлтіру оқиғасы "Асыл" базары маңында 12 сағат 55 минутта болған. Куәгерлердің айтуынша, Екібастұз қаласының бұрынғы әкімі базардан шығып, "Тойота Ландкрузер" көлігіне отырған. Сол кезде белгісіз біреу оған автоматтан оқ жаудырған. Р. Жұматаев оқиға орнында қаза тапты.

Полиция қызметкерлерінің ақпараты бойынша Р.Жұматаевқа түр пішіні азиялыққа келетін бір адам оқ атқан. Ол оқиға орнынан белгісіз бір көлікке мініп ізін суытқан. "Өкінішке орай, бізде бұл қылмыстың бетін ашуға көмектесетін сырттай бақылау жасайтын видеокамерамыз жоқ ", - деді С. Құлбаев.

Қаза болған 1950 жылғы Р. Жұматаев 1993-1995 жылдар аралығында Екібастұз қаласының әкімі қызметін атқарған. Соңғы жылдары кәсіпкерлікпен айналысқан.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны