26.06.2009, 09:28 991

Павлодарда электролиз зауытының жатақханасының ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Павлодарда электролиз зауытының жатақханасының ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ

Астана. 26 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда электролиз зауытының жатақханасының ғимаратында өрт шықты, құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстанның электролиз зауыты" АҚ өнеркәсіптік аумағында екі қабатты жатақхана ғимаратында 26 маусымда сағат 02.10-да екінші қабатта жалпы 262 шаршы метр аумақта өрт шықты. 16 адам сыртқа шығарылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, өрт "Қазақстанның электролиз зауыты" АҚ-ның 4 арнаулы техникасы мен жеке құрамының 13 адамының күшімен 05 сағат 00 минутта сөндірілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны