15.02.2011, 17:45 3639

Павлодарда қатаң режимдегі түрме аумағынан өлген әскердің денесі табылды

Павлодарда қатаң режимдегі түрме аумағынан Нұртай Ибенов деген әскердің денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар. 15 - ақпан. Kazakhstan Today - Павлодарда қатаң режимдегі түрме аумағынан Нұртай Ибенов деген әскердің денесі табылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Павлодар облысының ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, әскердің денесі 14-ақпан күні сағат 14.55 халық арасында "25-ші түрме" деп аталып кеткен АП-162/5түзету мекемесінің аумағынан табылған. 21 жастағы әскердің басына оқ тиіп, мерт болған.

"Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда",- деп хабарлады полициядан.

Искери прокуратураның мәліметтеріне сүйенсек, әскерді өзіне өзі қол жұмсау жағдайына жеткізу дерегі де назардан тыс қалмайды.

Қайтыс болған әскер ҚР ІІМ ішкі әскерінің 6679 әскери бөлімшесінде 2010 жылдың желтоқсан айынан бері азаматтық борышын атқарып жүрген.

Берілген ақпараттарға сүйенсек, мерт болған әскердің басына үш оқ тиген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны