23.05.2013, 11:52 16117

Павлодарда қонаққа келген әйел көп қабатты үйдің балконынан құлап кеткен

Бейсенбі күні Павлодардағы көп қабатты үйлердің бірінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды. "Полицей қаза тапқан 54 жастағы әйелдің Луганск ауылынан келгенін, 10-қабаттағы пәтерлердің біріне қонаққа келіп, балконнан құлап кеткенін анықтады", - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Палодар. 23-мамыр. Kazakhstan Today - Павлодарда қонаққа келген әйел көп қабатты үйдің балконынан құлап кеткен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бейсенбі күні Павлодардағы көп қабатты үйлердің бірінің жанынан әйел адамның мәйіті табылды. "Полицей қаза тапқан 54 жастағы әйелдің Луганск ауылынан келгенін, 10-қабаттағы пәтерлердің біріне қонаққа келіп, балконнан құлап кеткенін анықтады", - деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Аталған пәтерден спиртті ішімдікке сылқия тойған екі ер адам табылды. Олар төтенше жағдайдың қалай болғанын түсіндіріп бере алмаған.

Қазір аталған факті бойынша тергеу-тексеру амалдары жүріп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны