05.03.2010, 14:08 5110

Павлодарда мектеп аумағында жасөспірім өлтірілді

Павлодарда мектеп аумағында жасөспірім өлтірілді

Павлодар. 5 наурыз. Kazakhstan Today - Павлодардағы бір мектептің аумағында жасөспірім өлтірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 18.30-да 02 пультіне №17 орта мектептің аумағында екі жерінен пышақтан жарақаттанған жасөспірімнің мәйіті табылды деген хабар келіп жеткен. Ол - осы мектепте оқитын 15 жастағы оқушы болып шықты.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, қайғылы оқиға екі құрдастың арасындағы жанжал салдарынан болған. Осы мектептің оқушысы оны өлтірген күдікті деп танылуда.

"Сабақ аяқталып, балалар мектептен шыққан. Екі жасөспірім күндіз өзара сөзге келіп қалған. Біреуі екіншісін қорлаған-мыс. Сабақтан кейін көріспек болады. Соның салдарынан бір оқушы екіншісінің кеудесі мен иығынан екі рет пышақтап алған", - деп хабарлайды ІІД.

Жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Күдікті ұсталып, тергеу абақтысына қамалды. Оқушы қылмысты мойындап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны