01.02.2008, 18:36 2768

Павлодарда "Павлодар-Алматы" поезының бастығы пара алған жерде құрықталды

Павлодарда "Павлодар-Алматы" поезының бастығы пара алған жерде құрықталды

Павлодар. 1 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Павлодарда "Павлодар-Алматы" поезының бастығы вагон сол серігінен жұмыс орнын сақтап қалу үшін пара алған кезінде құрықталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі аймақтық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Павлодар-Алматы" 45/46 жолаушы поезының бастығы қол астындағы қызметкерінен ірі көлемде заңсыз ақша алған кезде ұсталды. Операция сенім телефонына түскен хабарлама арқасында жүргізілді.

"15 қаңтарда бізге аймақта белгілі "Павлодар-Алматы" жедел поезының бастығы үнемі өзінің қол астындағы қызметкерлерін жұмыстан шығарамын деп қоқан-лоққы көрсетіп, ақша талап ететіні жөнінде ақпарат келіп түсті ", -деп хабарлады агенттік тілшісіне ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі, полиция майоры Жанар Белялова.

"Іс бақылауға алынып, ұйымдасқан қылмысқа қарсы басқармасы қызметкерлерінің тергеуіне берілді", - деп атап өтті ол.

Полиция қызметкерлері хабарлағанындай, күдікті "Дамир-Транс" ЖШС ғимаратында $1300 және 43 800 теңге мөлшерінде пара алған кезінде құрықталды.

"Ақшаны жолаушы вагондарының жол серіктері темір жолда қызметтерін жалғастыру үшін тапсырылатын "кіру" салығы ретінде", - деп жеткізді баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, сұрақ -жауап алынғаннан кейін күдікті уақытша тергеу қапасына қамалды. Тергеушілер бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 231 бабы (коммерциялық параға сатып алу) бойынша қылмыстық іс қозғады. Баспасөз қызметі хабарлағанындай, Қылмыстық кодекстің бұл бабы құқық қорғау органдары тарихында Павлодар облысы бойынша бірінші рет пайдаланылып отыр.

Бұл қылмыс бойынша, күдікті екі жылға бас бостандығынан айрылуы ықтимал. ІІД атап өткеніндей, поезд бастығына қатысты тергеу ісі барысында "пара беруге мәжбүрлеу" және "пара" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалуы мүмкін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны