11.03.2007, 16:02 3477

Павлодарда трамвай бір жаяу жүргіншіні басып кетті

ПАВЛОДАР. 11-наурыз. Kazakhstan Today. Павлодарда трамвай мас күйінде шойын жолдың үстінде ұйықтап қалған жаяу жүргіншіні басып кетті. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Павлодар облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиға наурыздың 7-нен 8-не қараған түні болған. 11-бағыттағы трамвай жүргізушісі шойын жолдың үстінде ұйықтап жатқан еркекті байқамай қалған. "қатты жылдамдықпен келген вагон оны жаншып өтіп, денесін бірнеше метр жерге сүйретіп әкеткен",- деп түсіндірді полициядағылар.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, жәбірленуші мас болған. Көптеген ауыр жарақаттардың салдарынан еркек оқиға орнында көз жұмды. Қазіргі уақытта, жедел уәкілдер қайтыс болған адамның кім екендігін анықтауда. "Еркек 25-30 жастар шамасында, еуропалық нәсілді",- деп түсіндіреді баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны