12.06.2007, 10:17 1257

Павлодарда тұрғын үйде сынап төгілуге байланысты 64 адам дәрігерлік тексеруден өтуге тиіс

АСТАНА. 12-маусым. Kazakhstan Today. Павлодарда тұрғын үйде сынап төгілуге байланысты 64 адам, соның ішінде 12 бала медициналық тексеруден өтуге тиіс. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Медициналық қызметкерлер №1 подъезд тұрғындарының денсаулығын түгел тексеріп шығып, 64 адам, соның ішінде 12 баланы сынама тапсыруға қалалық ауруханаға жіберді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өткен жексенбіде Суворов көшесінің бойындағы он қабатты тұрғын үйдің тұрғындарынан сынап төгілгені туралы хабьар келген. Сынап жерден, лоджиялардан, әйнектердің беті мен 1-9 қабаттың карниздерінен табылды.

Қазір оқиға орнында үйдің іш-сыртында сынапты залалсыздандыру шаралары жасалды. 1,35 килограмм металл сынап жиналды. Оқиғаның зардаптарын жоюға 40 адам қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны