06.01.2012, 11:29 9783

Павлодардағы алюминий зауытында өрт шығып, бір адам зардап шекті

Белгілі болғандай, "Қазақстан алюминийі" АҚ алюминий зауыты цехында токтың қысқа тұйықталуы салдарынан тасымалдау таспасы өртенген. Соның салдарынан 35 жастағы цех шебері күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.

Астана. 6-қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодардағы алюминий зауытында өрт шығып, бір адам зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, Павлодарда алюминий зауытынан өрт шығып, цех шеберін күйік шалған.

Белгілі болғандай, "Қазақстан алюминийі" АҚ алюминий зауыты цехында токтың қысқа тұйықталуы салдарынан тасымалдау таспасы өртенген. Соның салдарынан 35 жастағы цех шебері күйік шалып, ауруханаға жеткізілген.

Қызыл жалынды аталған зауыттың өрт сөндіру бөлімінің 9 маманы мен 2 техникасы өшірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны