24.01.2011, 16:09 2965

Павлодардың теміржол вокзалына бомба қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 200-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді

Павлодардың теміржол вокзалына бомба қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 200-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Павлодар. 24 - қаңтар. Kazakhstan Today - Павлодардың теміржол вокзалына бомба қойылғандығы туралы хабар келіп түскеннен кейін 200-дей адам қауіпсіз жерге көшірілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Хабар агенттігінің таратқан ақпараттарына сүйенсек, "23 қаңтар күні кешке теміржол вокзалының анықтама қызметіне вокзалға бомба қойылғандығы туралы анонимді қоңырау түскен. Осыған байланысты ғимараттан 208 адам жедел көшірілді, олардың 23-і балалар. Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында ешқандай бомба табылған жоқ. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ",- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны