17.10.2006, 10:32 3188

"Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырынан мұнай төгілді

АСТАНА. 17-қазан. Kazakhstan Today. "Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырынан мұнай төгілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, төтенше жағдай Қарағанды облысында Теміртаудан оңтүстік-батысқа қарай 15 шақырым жерде болған. 16-қазанда 17 сағат 50 минутта "Павлодар-Шымкент" магистральдық мұнай құбырының учаскесінде мұнай төгілді. 20 сағат 17 минутта апат болған учаске желілік тиектермен жабылып, мұнайдың ағуы тоқтатылды.

Қазір "ҚазТрансОйл" АҚ-ның 20 адамы мен 6 техникасы құбырды қалпына келтіру, төгілген мұнай мен ластанған топырақты пайдалы жарату жұмыстарын жүргізуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны