27.04.2011, 12:04 3597

Петропавлда мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар берілгеннен кейін 730 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Петропавлда мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар берілгеннен кейін 730 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 27 - сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлда мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар берілгеннен кейін 730 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жарылғыш зат қойылды деген анонимді хабарға байланысты Петропавл қаласының 700-дей мектеп оқушысына білім ғимаратын босатуға тура келген.

Петропавл қаласындағы №8-ші мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы анонимді хабар кеше, түскі сағат бір жарымда "102" нөміріне келіп түсті.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметінің, соның ішінде ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД-ның 25 адамы білім ошағынан 700 оқушы мен 30 қызметкерді қауіпсіз жерге шығарды.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында мектептің ішінде бөгде зат табылмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны