30.05.2011, 14:12 3478

Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінде жарылыс болды

Көрсетілген мекен жай бойынша полиция жасақтары, ТЖ қызметкерлері мен "жедел жәрдем" келіп жетті. Үйдің жан-жағы қоршалды. Жарылыс орнын зерттеген полицейлер пәтердің бөлмеаралық қабырғаларының зақымданғанын аңғарған", - делінген хабарламада.

Астана. 3 - мамыр. Kazakhstan Today - Петропавлдағы көппәтерлі үйлердің бірінде жарылыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, "түн жарымда СҚО ІІД ООБ-ға телефон арқылы қала орталығындағы бес қабатты үйдің бірінші қабатындағы бір бөлмелі пәтерде болжам бойынша газ жарылды деген хабарлама келіп түсті.

Көрсетілген мекен жай бойынша полиция жасақтары, ТЖ қызметкерлері мен "жедел жәрдем" келіп жетті. Үйдің жан-жағы қоршалды. Жарылыс орнын зерттеген полицейлер пәтердің бөлмеаралық қабырғаларының зақымданғанын аңғарған", - делінген хабарламада.

Біраз уақыттан кейін полицейлер сол пәтердің тұрғынын ұстады. Ол жарылыс орын алған үйдің маңынан табылған. Тергеу барысында 39 жасар Петропавл тұрғыны пәтерді бірнеше күн бұрын риэлторлық агенттіктердің бірінен жалға алғанын айтты.

"Жарылыс жайында ер адамның айтуы бойынша, оған бір сағат бұрын үш бейтаныс жігіт қонаққа келіп, пайдалану үшін кезекті есірткі мөлшерін дайындап алуға асүйге өтулерін сұраған. Біраздан соң осы жарылыс орын алды", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта полицейлер осы үштікті анықтап, ұстау шараларын жүргізіп жатыр. Қажетті барлық сараптама жұмыстары: соттық-химиялық және құрылыстық - жасалды. Жарылыстан зардап шеккендер жоқ.

"Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны