28.03.2011, 12:46 3757

Петропавлдағы жекеменшік үйлердің бірінде болған өрттен төрт бала қаза тапты

Петропавлдағы жекеменшік үйлердің бірінде болған өрттен төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Петропавл. 28 - наурыз. Kazakhstan Today - Петропавлдағы жекеменшік үйлердің бірінде болған өрттен төрт бала қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, өрт Бензострой ықшамауданындағы сегіз пәтерлі жекеменшік үйде болған. Петропавл қаласының тұрғыны, бес баланың анасы өзінің он жасар қызын алып, жұмыстан келе жатқан күйеуін қарсы алуға кетеді. Үйде оның төрт баласы қалады, ұлдардың ең кішісі 3 айға да толмаған, ал қыз бала жеті жаста екен.

Үйде қалған балалар шамамен 30 минуттай уақыт қараусыз қалды. Осы кезде екі бөлмелі үйде өрт шыққан. Пәтерден шығып жатқан түтінді алғашқылардың бірі болып көршілері көріп, өрт сөндірушілерге хабар берді.

Өрт сөндірушілерге хабар 14 сағат 14 минутта келіп түскенімен, олар оқиға орнына тек 14 сағат 39 минутта келіп, жалынды ауыздықтағанымен, балаларды құтқара алмады.

Өрт сөндірушілердің айтуынша, балалар иіс тиіп қаза тапқан. Алдын ала болжам бойынша, балалардың тентектігі болуы мүмкін, қаза тапқан балалардың бірі сіріңкемен ойнаған сыңайлы.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны