22.05.2008, 18:46 2821

Петропавлдың полиция қызметкерлері студенттерді алдаған бір күдіктіні қолға түсірді

Петропавлдың полиция қызметкерлері студенттерді алдаған бір күдіктіні қолға түсірді

Астана. 22 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавлдың ішкі істер департаментінің қызметкерлері бірнеше алақтық істерді жасаған бір күдіктіні қолға түсірді, одан көбінесе студенттер зардап шеккен. Бұл туралы агенттік тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

Петропавлдағы жоғары оқу орындарының бір студенті полицияның бірінші бөліміне келіп, бір алаяқтан зардап шеккендігі жөнінде арыз тапсырды. Ол газет бойынша экономика жөнінде дипломдық жұмысқа тапсырыс берген. Жас адам тапсырысты алып үш күннен кейін жұмыс дайын деп телефон шалған. "Северный" тұрмыстық үйі қасында кездесуді белгілеген жас адам студентке дискетаға жазылған-мыс жұмысты беріп одан 12 мың теңгені алған. Үйге келгеннен кейін студент әлгі дискетаның іші бос болып шыққандығын анықтаған.

Баспасөз қызметі хабарлағанындай, күдікті келесі күні қолға түсірілді. Одан жауап алынған кезде бұл жұмысты оның танысы жасағанын айтқан. Ал дискетаның бос екендігін ол білмеген көрінеді.

"Алайда полиция қызметкерлері күдіктінің айтқан сөздеріне сенуге болмайтынына негізі бар. Өткен жылы қолға түскен бұл жас адам осыған ұқсас алты қылмысқа қатысы болған. Ол кезде оған қатысты қылмыстық іс қозғалмады, өйткені ол зардап шеккендермен бір келісімге келген ", -деп хабарлады баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта қылмыстық істі қозғау үшін дәйектер жиналуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны