31.08.2006, 13:04 7350

Победа шыңынан түсіп келе жатқан қазақстандық алпинист жүрек талмасынан қайтыс болды

БІШКЕК. 31 тамыз. Kazakhstan Today. Победа шыңынан түсіп келе жатқан қазақстандық алпинист жүрек талмасынан қайтыс болды. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігі тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметі өкілдерінің айтуынша, қазақстандық алпинист Даниярбек Мұқанов 26 тамыз күні 6700 метрлік биіктікте қаза тапты. Д.Мұқанов, ресейлік Юрий Ирмачектің басшылығымен өтіп жатқан экспедицияға қатысқан.

"Терскей-Рескьер" құтқару қоғамдық тобының төрағасы Игорь Ханиннің сөзіне қарағанда, Д.Мұқановтың мәйітін таудың етегіне алып түсу әзірге мүмкін болмай отыр. ҚР төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметіне сәйкес, бұл жағдайда тікұшақ қолдану да ешқандай нәтиже бермейді.

Жеңіс шыңы(7439м) Қырғызстан мен Қытай шекарасында орналасқан Тянь Шань тауының ең биік шыңы. Ол әлемдегі ең биік шыңдар тізімінде 78 орынды иеленеді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны