05.05.2008, 15:27 2438

Полиция қызметкерлері соңғы екі аптада 16 кісі өлтіру қылмысын ашты - ҚР Ішкі істер министрлігі

Полиция қызметкерлері соңғы екі аптада 16 кісі өлтіру қылмысын ашты - ҚР Ішкі істер министрлігі

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан полиция қызметкерлері соңғы екі аптада 16 кісі өлтіру қылмысының бетін ашты. Бұл туралы апта сайын өткізілетін брифингте ҚР Ішкі істер министрлігінің криминалдық полиция комитетінің төрағасы Сұлтан Күсетов мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Соңғы он бес күнде ішкі істер органдары 16 аса ауыр кісі өлтіру қылмысының бетін ашты ", - деді С. Күсетов.

Ол хабарлағанындай, " 29 қарақшылық шабуыл қылмысы ашылды, оның 13 өткен жылы және осы жылдың басында жасалған. Іздеуде жүрген 105 қылмыскер қолға түсірілді, оның екеуі ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшілері болып табылады. 37 қару тәркіленді".

Ашылған қылмыстардың ішінде Ақмола облысында болған кісі өлімі бар. "Біз дорбаға адамның дене мүшелері бөлшектеп салынған дорбаны таптық. Жасалған үлкен жұмыс нәтижесінде қылмыстың беті 15 күннің ішінде ашылды. Бүгінгі кезде қылмысты жасаған күдікті құрықталып, айғақзаттар тәркіленді", - деп хабарлады ІІМ өкілі.

"Оңтүстік Қазақстан облысында ұйымдасқан топтың жетекшісі болған 36 жастағы, лақап аты "Киллер" деген адам аса ауыр қылмыс жасағаны үшін қолға түсірілді. Киллер кәсіпкерлікпен айналысқан және оған ақша төлеуден бас тартқаны үш адамды Шымкент мешітінен шығып келе жатқан кезде атып өлтірген", - деп хабарлады полиция қызметкерлері.

"Қарағанды облысының ІІД қылмыспен күрес жөніндегі бөлімшесі "ТТ" қару тапаншасын сақтағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген ұйымдасқан қылмыстық топ жетекшісін қолға түсірді. Ол "Миттал Стил Теміртау" АҚ метал өнімдерін ұрлаумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топты қадағалап жүрген" , - деп түсіндірді С. Күсетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны