27.12.2011, 11:59 3826

Приозерск қаласында тұрғын үй өртеніп, 2 адам мерт болды

26-желтоқсан күні Қарағандыдағы 4 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан.

Астана. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Приозерск қаласында тұрғын үй өртеніп, 2 адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 26-желтоқсан күні Қарағандыдағы 4 қабатты үйдегі пәтерлердің бірінде өрт шыққан.

Жалын 5 шаршы метр аумақты шарпыған Өртті сөндіру барысына 70 жасар зейнеткер әйел мен 59 жасар ер азаматтың мәйіті табылды.

Өртті сөндіруге Қарағанды облыстық төтенше жағдайлар депертаментінің жеке құрамының 9 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны