10.07.2006, 10:23 2806

Ресейде Иркутск түбінде болған ұшақ апатына байланысты қаралы күн жарияланды

МИСКЕУ. 10-шілде. Kazakhstan Today. Ресейде Иркутск қаласының түбінде болған ұшақ апатына байланысты бүгін қаралы күн жарияланды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ресей президентінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

“Қаза тапқандар үшін аза тұта, олардың туыс-туғандарына қайғысына ортақтасып көңіл айта отырып 2006-жылдың 10-шілдесін Ресей Федерациясында қаралы күн деп жариялауды қаулы етемін; бұл күні бүкіл ел аумағында РФ мемлекеттік байрағы түсірілсін”,- делінген президент Владимир Путин қол қойған жарлықта.

Ресейлік БАҚ-тардың ақпаратына сәйкес, Мәскеуден Иркутскіге бет алған А-310 ұшағы қону барысында бетон қабырғаға соғылып, жанып кеткен. Соның салдарынан 122 адам қаза тауып, 50-ден астам адам жарақатпен және күйікпен ауруханаларға жеткізілді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында шетелдіктер мен балалар да бар. Ұшақ жолаушыларының басым бөлігі Байкал көліне демалуға бара жатқан. Ұшақта барлығы 204 адам, соның ішінде экипаждың 8 мүшесі болған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны