19.05.2010, 11:18 1499

Ресейдің тынық мұхиты жағалауында бір тәулікте 5 жер сілкінісі болды

Ресейдің тынық мұхиты жағалауында бір тәулікте 5 жер сілкінісі болды

Алматы. 19 мамыр. Kazakhstan Today - Ресейдің тынық мұхиты жағалауында бір тәулікте 5 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Вести.Ru" ақпараттық порталына сілтеме жасап.

"Вести.Ru" мәліметінше, Охотское теңізінде Камчатканың батыс жағалауында бүгін түнде магнитудасы 5,0 болатын жер асты дүмпуі тіркелді. Сілкініс ошағы 20 шақырым тереңдікте болған. Сілкініс кіндігі Петропавловск-Камчатский қаласынан солтүстік-батысқа қарай 365 шақырымда, коряктардың Палана кентінен батысқа қарай 505 шақырымда, Магаданнан оңтүстік-шығысқа қарай 515 шақырымда болған.

Сондай-ақ, бүгін түнде Сахалин жағалауында, Анива шығанағында магнитудасы 3,9-ға тең жер сілкінісі болды. Ресей Ғылым академиясы Геофизикалық қызметінің мәліметінше, тектоникалық зілзала 350 шақырым тереңдікте тіркелген.

Сейсенбі күні магнитудасы 6,0 және 4,7 болатын жер асты дүмпулері Курил грядасы маңында да тіркелді. Командор аралдарында магнитудасы 5,1 балл жер сілкінісі болды.

Ал Ресейдегі бір де елдімекенде бұл сілкіністер сезілген жоқ, цунами қаупі болмады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны