21.12.2011, 12:01 2876

Риддер қаласында бірнеше ықшамауданның тұрғындары жылусыз және сусыз қалды

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бірнеше шағын ауданның тұрғындары сусыз және жылусыз қалды, Тишин қаласы кенішінің жұмысы тоқтатылды.

Астана. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Риддер қаласында бірнеше ықшамауданның тұрғындары жылусыз және сусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында бірнеше шағын ауданның тұрғындары сусыз және жылусыз қалды, Тишин қаласы кенішінің жұмысы тоқтатылды.

20 желтоқсан күні, түнгі сағат бір жарымда, Риддер қаласында жою стансасының сыйымдылығында су деңгейі 4 метрден бірден 1-ге төмендеп кеткен. "Лениногоржылусуканалы" ЖШС-ның басшылығы шешімімен, Риддер қаласының 2 және 4-інші шағын аудандарының тұтынушылары ауыз су мен шаруашылық судан ажыратылды.

Сағат 04.30-да 2 және 4-інші шағын аудандарын жылумен қамтамасыз етіп отырған қазандықтың кіші қазандықтарында судың болмауынан №4, 5 және 6-ыншы қазандықтардың жұмыстары тоқтатылды. Салдарынан 4-інші шағын ауданның тұрғындары ауыз сусыз, 2-інші шағын ауданның тұрғындары ыстық сусыз қалды.

Онымен бірге, стволдардың ауамен жылытылуының тоқтауы салдарынан "Қазцинк" Риддер тау-кен байыту комбинатына тиесілі Тишин кенішінің жұмысы тоқтатылды. 199 адам шахтадан шығарылды.

20 желтоқсан күні, кешкі сағат 19.00-де жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары толығымен аяқталды.

Тишин кеніші бүгін, таңғы сағат 5-те қайта іске қосылды.

Төтенше жағдайды жоюға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы бойынша ТЖД-ның 2 адамы мен 1 техникасы; "ЛТВК" ЖШС-ның бригадасы; "Қазцинк" РТБК-ның комиссиясы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны