19.09.2011, 14:48 3197

Риддер қаласындағы екі қабатты үйдің қабырғасы құлады

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 17-қыркүйегі күні Риддер қаласының Сведлов көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлаған.

Риддер. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today - Риддер қаласындағы екі қабатты үйдің қабырғасы құлады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысы ТЖД баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 17-қыркүйегі күні Риддер қаласының Сведлов көшесіндегі екі қабатты тұрғын үйдің қабырғасы құлаған.

"Түн ішінде бірінші қабаттың сырт жақтағы қабырғасы 9 шаршы метр көлемде қопарылып кетті", - деп көрсетілген таратылған хабарламада. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

"ТЖ жөніндегі комиссия аталмыш үйдегі 4 пәтедің тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіру туралы шешім қабылдады. Адамдар уақытша жатақханаларға орналастырылды. Олардың әрі қарайғы тағдыры жақын арада шешімін табатын болады", - деп мәлім етті Риддер қаласы ТЖБ және ҚБ бөлімінің бастығы Александр Ламыгин.

Апат орнын қарап шыққан тәуелсіз сарапшы үйдің негізгі құрылыс конструкциясының тозығы жетіп, сонымен қатар ғимаратты пайдалану ережелерінің бұзылуы салдарынан орын алғаны жөнінде қорытынды шығарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны