19.01.2009, 15:40 2771

Рудный қаласының бір түнгі клубына келушінің атқан оғынан екі адам жарақаттанды

Рудный қаласының бір түнгі клубына келушінің атқан оғынан екі адам жарақаттанды

Қостанай. 19 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Рудный қаласының бір түнгі клубына келушінің атқан оғынан екі адам жарақаттанды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Қостанай облыстық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 17 қаңтарда таңертеңгі сағат шамасында Рудный қалалық ІІБ-ына "Горняк" ойын-сауық орталығында бір келуші атыс жасады деген хабар келді. Соның салдарынан екі адам зардап шегіп, саны мен ішінен жарақаттанып, қалалық ауруханаға жеткізілді. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны