16.01.2012, 12:16 3361

Сәтпаев қаласында сауда үйі өртенді

"Жексенбі сағат 03.21-де жеке тұрған "Сулпак" сауда үйінің екі қабатты ғимаратының 1-қабатында орналасқан қоймасында сыртқы қаптамасы (алюкобонд) мен қағаз қораптар жанған. Жалын 153 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Астана. 16-қаңтар. Kazakhstan Today - Сәтпаев қаласында сауда үйі өртенді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қарағанды облысы Сәтпаев қаласындағы "Сулпак" сауда үйі өртенген.

"Жексенбі сағат 03.21-де жеке тұрған "Сулпак" сауда үйінің екі қабатты ғимаратының 1-қабатында орналасқан қоймасында сыртқы қаптамасы (алюкобонд) мен қағаз қораптар жанған. Жалын 153 шаршы метр аумақты шарпыған. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ", - деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Өрт сақат 04.27 сөндірілді. Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖД жеке жасағының 13 қызметкері мен 4 өрт сөндіру техникасы, ҚР ТЖМ "Өртсөндіруші" АҚ-ның 5 қызметкері мен 1 техника жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны