10.02.2012, 11:18 3513

Сегізінші қататтан лифт шахтасына құлап кеткен жұмысшы аман қалды

Спецмонтаж сервис" ЖШС шебері жаңадан салынып жатқан "Мариот" бизнес орталығының ғимаратында 8 қабаттан алтыншы қабаттағы жеделсаты шахтасына құлап кетіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

Астана. 10-ақпан. Kazakhstan Today - Сегізінші қататтан лифт шахтасына құлап кеткен жұмысшы аман қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Спецмонтаж сервис" ЖШС шебері жаңадан салынып жатқан "Мариот" бизнес орталығының ғимаратында 8 қабаттан алтыншы қабаттағы жеделсаты шахтасына құлап кетіп, шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген.

"9-ақпан күні сағат 12.17 жаңадан салынып жатқан "Мариот" бизнес орталығында белгісіз жағдайда "Спецмонтаж сервис" ЖШС шебері 1962 жылы туған Хлазов К. есімді азамат сегізінші қабаттан 6 қабаттағы жеделсаты шахтасына құлап кетіп, ауруханаға жатқызылды", - деп айтылған таратылған хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны