14.09.2007, 10:08 3086

Семейде 14 қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам зардап шекті

Семейде 14 қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам зардап шекті.

Семей. 14 қыркүйек. "ҚАЗАҚСТАН БҮГІН". Семейде 14 қабатты тұрғын үй өртеніп, бір адам зардап шекті. Бұл туралы агенттікке қалалық төтенше жағдайлар басқармасынан хабарлады.

Басқарма ақпаратына сәйкес, кеше кешке 17 сағат 35 минутта Иуезов көшесіндегі көп қабатты 3 үйде ағаш ағаш конструкциялар жанған. "Үйдің 4,7 және 8 қабаттары жанды. Басы күйіп қалған бір адам ауруханаға жеткізіліп, медициналық көмектен кейін үйіне жіберілді", - деп хабарлайды мекеме.

"106, 125 және 143 пәтерлер зардап шекті, ондағы өрт 18 сағат 27 минутта сөндірілді", - дейді басқармадағылар.

Қазір өрттің шығу себептері мен материалдық шығын есептелуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны