11.12.2007, 16:52 3017

Семейде "Ақсұңқар" атты орталық базар өртеніп жатыр

Семейде "Ақсұңқар" атты орталық базар өртеніп жатыр

Семей. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде "Ақсұңқар" атты орталық базар өртеніп жатыр. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" тілшісіне өртке қарсы күрес қызметінің кезекші бөлімінен хабарлады.

Кезекші бөлім қызметкерлерінің ақпаратына сәйкес, өрт туралы шақыру "01" пультіне 14 сағат 24 минутта түскен. "Алдымен азық-түлік өнімдері салынған қағаз қобдишалар жанып, жалын одан әрі таралған. Қазіргі жағдаймен егжей-тегжейлі ақпарат жоқ, өйткені, барлық қызметкерлер өрт шыққан жерде жүр", - дейді кезекші бөлімдегілер.

"Өртке үшінші дәреже берілді- бұл аса күрделі өрт деген сөз. Оны ауыздықтауға Семейдің өртке қарсы күрес қызметінің барлық бөлімшелері шоғырландырылды. Оқиға орнында 15 техника жұмыс істеп жатыр", -деп түсіндірді кезекші бөлімдегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны