21.10.2010, 14:56 3327

Семейде белгісіз біреу мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат беріп, 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды

Семейде белгісіз біреу мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат беріп, 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 21 - қазан. Kazakhstan Today - Семейде белгісіз біреу мектептердің біріне жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат беріп, 700 адам қауіпсіз жерге шығарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, 20-қазан күні сағат 10.40 ШҚО Семей қаласының ІІД кезекші бөліміне белгісіз біреу № 23 мектепке жарылғыш зат қойылғандығы туралы ақпарат берген.

"Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Шұғыл арада 711 адам, оның ішінде 629 бала қауіпсіз жерге көшірілген. Арнайы жүргізілген іс-шара барысында жарылғыш зат табылған жоқ", - деп көрсетілген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Төтенше оқиғаның алдын алуға шұғыл әрекет ету қызметінің 55 қызметкері мен 11 техникасы, оның ішінде ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД жеке құрамының 9 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны