31.10.2007, 17:16 6392

Семейде екі жігіт көліктерді айдап әкету және зорлау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Семейде екі жігіт көліктерді айдап әкету және зорлау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұсталды

Семей. 31 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде екі жігіт көліктерді айдап әкету және зорлау қылмыстарына қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы агенттік тілшісіне Семей ІІБ Иуезов аудандық полиция бөлімінің аға тергеушісі Ербол Жақыбеков хабарлады.

Оның айтуынша, "қазанның 28-інен 29-ына қараған түні 24-25 жас аралығындағы жастар тобы "Мерседес" және "Тойота" көліктерін күшпен иемденіп алған.

"Олар жүргізушілерді қорқытып, кілттерін тартып алып, оларды өздерімен бірге алып жүрген. Бір жүргізуші қашып кетуге мүмкіндік тауып, полицияға хабар берген", - деді тергеуші.

Сонымен бірге, күдіктілер алдау арқылы үш қызды көліктерге отырғызып алған. Оларға да қоқан-лоққы көрсету арқылы саяжайлар массивіне апарып, зорлаған, деп түсіндірді тергеуші.

Е. Жақыбековтың айтуынша, күдіктілер отырған көліктер Алматы трассасында қолға түскен.

"Көлік ішінде үш қыз, "Тойота" жүргізушісі мен бес күдікті отырған, бірақ, олардың үшеуі қашып кеткен. Екі ұсталған қазір уақытша тергеу абақтысында отыр", - деді Е. Жақыбеков.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны