08.01.2008, 18:27 2975

Семейде қатты аяздан зақымдану деңгейі үш есеге дейін көтерілді

Семейде қатты аяздан зақымдану деңгейі үш есеге дейін көтерілді

Семей. 8 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Семейде қатты аяздан жарақат алу деңгейі үш есеге дейін көтерілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне қалалық медициналық жедел жәрдем көрсету стансасының зақымдану пунктінің меңгерушісі Мәйкен Қабышева.

Оның ақпараты бойынша," қаңтардың бірінші аптасында зақымдану бөлімшесіне түрлі жарақат алып, сүйектері сынған 83 адам келіп түсті". "Тәулігіне 15 - 20 зақым алғандар келеді, ал жәй күндері ондай оқиғалар 3-4 есе төмен болады. Олардың арасында көбінесе адамдардың аяқ-қолдары зақымданғандар. Далада көк тайғақ, адамдар құлағаннан кейін қолдарына сүйенеді, соның нәтижесінде осындайға жағдайларға ұрынады ", - деп атап өтті М. Қабышева.

Бүгінде 70 адамға арналған қалалық зақымдану бөлімінде 80 адам жатыр. "Олардың басым бөлігі көк-тайғақтан аяқ- қолдарын сындырып алғандар", - деді бөлім меңгерушісінің міндетін атқарушы Арман Жайсанбаев.

Семейде желтоқсанның аяғында күрт аяз түсті. Ауа температурасының төмендеуінен жолдарда көк тайғақ пайда болды. ТЖ басқармасының кезекші бөлімінің ақпараты бойынша, Семейде ең төменгі ауа температурасы 5 қаңтарда 30 градус аяз болды.

"Бүгінде аяз басылып, ауаның күндізгі температурасы 18-23 грудусты құрауда. Ал 14-15 қаңтарға қараған түнінде, аяз 27 градусқа төмендеп, кейін жылынады ", - деп хабарлады басқармадағылар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны