26.02.2007, 15:13 3178

Семейде қатты боран салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

СЕМЕЙ. 26-ақпан. Kazakhstan Today. Семейде бүгін күн райының қолайсыздығынан мектептерде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қаласының төтенше жағдайлар басқармасының кезекші бөлімінен хабарлады.

Желдің қатты күшеюіне байланысты төтенше жағдайлар басқармасының басшылығы мектептерде 1-ші және 9-сыныптардағы сабақтарды тоқтатты. Күннің екінші жартысында жел екпінінің күші секундына 17-20 метрге дейін жетуіне байланысты екінші ауысымда оқитын оқушылар үшін сабақтар тоқтатылды.

Төтенше жағдайлар басқармасы, синоптиктердің болжамы бойынша ауа райының суытатынғына байланысты, мұндай шараның ертең, 27-ақпанда да қолданылатындығын жоққа шығармайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны