20.09.2007, 13:14 2836

Семейде көліктің аударылуы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті

Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадан хабарлады.

Семей. 20 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Семейде жол-көлік оқиғасы салдарынан екі адам қайтыс болып, біреуі зардап шекті. Бұл туралы қалалық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармадан хабарлады.

Басқарманың ақпараттарына сүйенсек, жол-көлік оқиғасы Қаржаубайұлының атындағы көшеде таңертең ерте болған, "Ауди-80" маркалы көлік өте жоғарғы жылдамдықпен жол жиегіне соғылған. "Соның салдарынан көлік аударылып, 26 жастағы жүргізуші атап болған жерде қайтыс болды",- деп түсіндірді төтенше жағдайлар мекемесінен.

"Көлікте отырған тағы екі жолаушы ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген. Оның біреуі екі сағат өткеннен кейін ауруханада көз жұмды",- деп қосты басқармадағылар.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны