26.09.2006, 10:52 3025

Семейде поезд цистернасынан күкірт қышқылы төгілді

АСТАНА. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында жүк артатын поездың цистернасынан күкірт қышқылы төгілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

25-қыркүйекте 16 сағат 45 минутта Даналық атты темір жол тұйықталымында №2101 жүк поезының цистернасынан күкірт қышқылы төгілді.

Цистерна жемір жол тұйықталымына жеткізіліп, күзет қойылды. Тұрғындардың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгін Өскеменнен апаттың зардаптарын жоятын апаттық топ жіберіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны