29.05.2009, 15:43 2732

Семейде сауықтыру лагерінде өрт шықты - ТЖД

Семейде сауықтыру лагерінде өрт шықты - ТЖД

Семей. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Семейде сауықтыру лагерінде өрт шықты. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі "Қазақстан Бүгін" агенттігіне хабарлады.

ТЖД ақпаратына сәйкес, "кеше Подгородный орман шаруашылығының орман аймағында 1993 жылдан бері пайдаланылып келе жатқан балалардың "Лесная сказка" сауықтыру лагерінің аумағында ағаш шатыр мен бөлек тұрған бір қабатты асхананың жабыны өртенді. Өртті сөндіру барысында шатыр опырылып түсті. Өртті әлдекім жіберген",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны