12.10.2006, 09:46 2763

Семейде шағын жолаушы автобусы аударылды; алты адам жарақаттанды

СЕМЕЙ. 12 қазан. Kazakhstan Today. Семейде Ертіс үстінен өтетін аспалы көпірде шағын жолаушы автобусы аударылып, алты адам ауруханаға жеткізілді. Бұл жөнінде Kazakhstan Todaу агенттігінің тілшісі хабарлайды.

Иуезов ауданы жедел жәрдем қызметінің қосалқы бекеті дәрігерлерінің айтуынша, жол апаты шамамен кеше 15 сағатта болды. Жолын осы бағытта кетіп бара жатқан жанармай таситын көлік кесіп өткен "ГАЗель" шағын автобусы бүйірімен аударылып, сол күйінде бірнеше метрге дейін жылжыған. Көлік ішінде оннан астам жолаушы болған, алтауы жапа шекті. Олардың бәрі жедел жәрдем қызметінің ауруханасына жеткізілді.

Жол полициясы қызметкерлері апат себебін анықтауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны