25.12.2006, 11:23 4280

Семейде үш адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың екеуі қайтыс болды

СЕМЕЙ. 25-желтоқсан. Kazakhstan Today. Семейде үш адам көмірқышқыл газынан уланды, олардың екеуі қайтыс болды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Семейдің жедел жәрдем ауруханасынан хабарлады.

Мәселен, 24-желтоқсанда "Спартак" орталық стадионының жанындағы гараждан көліктің газынан уланып қалған 25 жастағы жігіт пен қыз табылды. Екеуі қозғалтқышы қосулы тұрған автокөліктің ішінде отырған. Олар жылыну үшін қозғалтқышты қосқан сыңайлы. Жедел жәрдем дәрігерлері келген кезде қыз қайтыс болыпты, ал жігіт ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді.

Сол күні №32 орта мектептің маңындағы жылу құбырының жанынан үй-күйсіз болуы мүмкін бір әйелдің мәйіті табылды. Суықтан қорғану үшін қоқысты жағып жылынған ол көмірқышқыл газынан уланып қалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны