06.10.2006, 12:01 3418

Семейде жүк таситін көліктерді шабуылмен тонап келген рэкетирлер тобы құрықталды

СЕМЕЙ. 6-қазан. Kazakhstan Today. Семейде жүк таситін көліктерді шабуылмен тонап келген рэкетирлер тобы құрықталды. Бұл туралы Семей қалалық ІІБ ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің бастығы Юрий Федоров құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Ю.Федоровтың айтуынша, топ құрамында үш адам болған. Олар Майқапшағай-Омбы бағытындағы тас жолдың бойында қарақшылықпен шұғылданған. Қылмысқа таң қылаң бере шығатын болған. "Жол бойында жүк таситын көліктерді тоқтатып, жүргізушілерді ойдан шығарған банданы айтып қорқыту арқылы Семей өңірінің аумағы арқылы жүріп өткен кезде "қорғаушы" болуды ұсынған",- дейді бөлім бастығы. Топ мүшелері 1200-3000 теңге талап етіп, құрбандықтарының ұялы телефондары мен бағалы заттарын тартып алатын болған.

Қалалық ІІБ ұйымдасқан қылмыспен күрес бөлімінің қызметкерлері ІІБ-ның арнаулы бөлімдерімен бірлесе отырып, топты жолдың бойында кезекті қылмыстан кейін құрықтады. Ұсталғандар ауылда тұратын нашақорлар болып шықты. Олардың біреуі бопсалау қылмысы үшін бұрын сотталған. Зардап шеккендерден полицияға келіп түскен өтініштерге қарағанда, топ осы жылдың мамыр айында іске кіріскен.

Қазіргі жағдаймен ұсталғандардың 7 эпизодқа қатысы бар екені анықталды. Алайда тәртіп сақшылары олардың саны артық болуы мүмкін деп топшылайды. Ұсталғандардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "топ тарапынан бірнеше мәрте қайталаған бопсалау қылмысы" жөніндегі 181-бабы, 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны