22.01.2010, 09:39 1567

Шығыс Қазақстан облысында 4 түзету мекемесі мен 8 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалды - ТЖМ

Шығыс Қазақстан облысында 4 түзету мекемесі мен 8 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалды - ТЖМ

Астана. 22 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде 4 түзету мекемесі мен 8 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Шығыс Қазақстан облысындағы Солнечный кентінде 12 қаңтарда күшті жел электр жалғастыру желілерін үзіп кетті. Соның салдарынан жылу құбыры қатып, 4 түзету мекемесі мен 8 көппәтерлі тұрғын үйдің тұрғындары жылусыз қалды ", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Оқыс оқиғаны жоюға ҚРТЖМ ШҚО ТЖД-нің жеке құрамының 4 адамы мен 2 техникасы, "Еңбек-Өскемен" РМК 83 адамы мен 10 техникасы, 9 жылжымалы және стационарлық дәнекерлеу аппараты жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны