12.01.2010, 11:57 2669

Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолаушылар пойызының қозғалысы бір тәулікке бөгелді

Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолаушылар пойызының қозғалысы бір тәулікке бөгелді

Астана. 12 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында боранға байланысты жолаушылар пойызының қозғалысы бір тәулікке бөгелді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысы Шалабай станциясында кешіккен "Защита-Алматы" бағытындағы пойыз бүгін 12-қаңтар күні таңертең өз қозғалысын Шар станциясына қарай жалғастырды.

ТЖМ-ның ақпаратына сәйкес, ауа райының нашарлауы себепті қаңтардың 11-і күні сағат 14.40-та №351-ші пойыздың қозғалысы тоқтатылған болатын.

"Шалабай станциясында шойын жолдар қардан тазаланғаннан кейін, пойыз 12-қаңтарда сағат 06.59 минутта Шар станциясына қарай бет алды", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, Шығыс Қазақстан облысында боранға және жолдардың көрінбей қалуына байланысты кешегі сағат 20.40-тан бастап движение для всех видов автотранспорта на автодорогах Өскемен - Самарское - Көкпекті, Өскемен - Қалбатау - Көкпекті - Зайсан, Өскемен - Қалбатау - Аягөз, Өскемен - Зыряновск - Рахмановские ключи бағытындағы жолдарда барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны