14.09.2010, 15:24 3172

Шығыс Қазақстан облысында дала өрті ауыздықталды

Шығыс Қазақстанның Бескөл және Қарағайлы селолық округтерінде тіркелген дала өрті сейсенбі, қыркүйектің 14-інде таңғы сағат 6-ларда ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 14 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанның Бескөл және Қарағайлы селолық округтерінде тіркелген дала өрті сейсенбі, қыркүйектің 14-інде таңғы сағат 6-ларда ауыздықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, өрт салдарынан құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Ресей шекарасынан бері қарай 30 шақырымдай жерге созылған өрт ошағы сөндірілген. Жедел ақпараттар бойынша, тілсіз жау 45 гектар жерді шарпыған.

Өртті ауыздықтауға Шығыс Қазақстан Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндірушілері мен құтқарушылары, "Семей орманы" резерваты мен Ресейдің Степномихайловский орман шаруашылығының қызметкерлері жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны