28.10.2007, 14:45 2836

Шығыс Қазақстан облысында қалдық шөптерді өртеу облыстың бірнеше аудандарында өрттің шығуына әкеп соқтырды

Шығыс Қазақстан облысында қалдық шөптерді өртеу облыстың бірнеше аудандарында өрттің шығуына әкеп соқтырды.

Семей. 28-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысында қалдық шөптерді жаппай өртеу облыстың бірнеше аудандарында өрттің шығуына әкеп соқтырды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыстың бірнеше аудандарында қатарынан ашық аумақтарда осы тектес өрттер шыққан. "Өрттің шығу себебі белгілі - бұл қалдық шөптерді өртеу",- деп атап өтті Шығыс Қазақстан облысының өрт сөндіру қызметі департаментінің аға инженері Алексей Оградов.

Өрт сөндірудегі негізгі күш Прапорщиков аулының маңына жұмылдырылған. Дәл сол жерде шыққан өрт өте тез жылдамдықпен елдімекенге қарай жылжып келеді. Оқиға болған жерде 10 автоцистерна жұмыс істеуде, сонымен қатар өрт сөндірушілерге өрт сөндіру қызметінің офицерлер құрамы да көмекке келген. "Мұндай өрт, әдетте тұрғындардың, шаруалардың немқұрайдылығынан туындайды. Адамдар артының неге әкеп соқтыратындығын ойланбастан, қалдық шөптерді өртей береді. Ал, өрт егіс алқабын да жалмауы әбден мүмкін",- деді А. Оградов.

Ол, жағдай қатты соққан желдің салдарынан қиындай түсуде, деп атап өтті. "Сөйтсе де үш сағат ішінде өртті толық ауыздықтау мүмкін болған. Өрт 60 гектаран астам аумақты шарпыған",- деп хабардар етті баспасөз қызметіндегілер.

Сонымен қатар, осы тектес өрт Глубоковский, Көкпекті және Ұлан аудандарында да шыққан.

Қазіргі уақытта өрт сөндірушілер күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Ахуалды аспаннан әуе патрулі бақылауда. Жағдай көңіл көншітпейді: адамдар өрт сөндірушілер кете бере құрғақ шөптерді қайта өртей бастайды. Кінәлі адамдар анықталуда",- деп атап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны