12.03.2010, 17:16 2871

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тікұшағының сынықтары табылды, оның ішінде болған адамдар қаза тапқан

Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тікұшағының сынықтары табылды, оның ішінде болған адамдар қаза тапқан

Семей. 12 наурыз. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысында құтқарушылар тікұшағының сынықтары табылды, оның ішінде болған адамдар қаза тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тікұшақтың сынықтары Мақаншы ауылына таяу жерден табылған. "Тікұшақта болған 8 адам түгел мерт болған. Қазір қаза тапқандардың мәйіттері іздестіріліп жатыр. Тікұшақтың сынықтары 800 шаршы метр аумаққа шашырап кеткен", - деп хабарлайды ТЖД.

Оқыс оқиға орнына криминалистер тобы жіберілді, тікұшақтың құлау себептері әзірге белгісіз.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Шығыс Қазақстан облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, кеше Ми-817 тікұшағының экипажы диспетчермен байланысқа шықпады. Тікұшақ таңертең Өскеменнен құтқару -іздестіру операцияларын жүргізу үшін Үржар ауданының Мақаншы ауылына қарай шыққан. Бұдан кейін Ми-817 тікұшағы Қарабұта, Көктерек және Благодарное кенттеріне баруға тиіс болған.

"Ми-817 тікұшағында 8 адам : 2 ұшқыш, 1 борт-механик, 2 дәрігер, Благодарное және Мақаншы ауылдық округтерінің әкімдері, сондай-ақ, 1993 жылы туған бір науқас болған", - деп хабарлайды ТЖД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сағат 14.05-те тікұшақ Мақаншы ауылынан шығып, Қарабұта кентіне қарай бет алған. Экипаж байланысқа шығып, диспетчерге хабарласқан. Бұдан бір сағаттан кейін борт диспетчермен байланысқа шықпады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны