15.02.2010, 11:57 1205

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында мұздың астына трактор батып кетті, онда болған балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында мұздың астына трактор батып кетті, онда болған балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде

Семей. 15 ақпан. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасында мұздың астына трактор батып кетті, онда болған балықшыны іздестіру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today ШҚО ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, оқыс оқиға 14 ақпанда сағат 10.30-да Бұқтырма су қоймасында Көкпекті ауданының Миролюбовка ауылының маңында болған. "Балықшылар үшін мұз үстіндегі жолды тазарту барысында МТЗ-82 тракторы мұздың астына батып кетті. 47 жастағы тракторшы секіріп үлгерген, ал 32 жастағы балықшы мұздың астына батқан трактордың ішінде қалған", - деп хабарлайды ТЖД.

"14 ақпанда құтқарушылар мұздың астына екі рет сүңгіп шыққанымен, тракторды тапты, ал суға кеткен адамды таппады. Оны іздестіру жұмыстары бүгін де жалғасады", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны