20.04.2007, 15:36 3077

Шығыс Қазақстан облысындағы еркек өзінің баласын өлтіріп, артынша өзін қол жұсаған

СЕМЕЙ. 20 - сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы еркек өзінің баласын өлтіріп, артынша өзін қол жұсаған. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, қайғылы оқиға болған отбасының мүшелері екі ай бұрын ажырасып кеткен. Бірақ бұрынғы күйеуі баласын көріп кетпек болып келген. "Қолында бөтелкесі бар ол әйеліне қоқан-лоққы көрсетіп, оны қорқыта бастаған",- дейді баспасөз қызметінің қызметкері Райхан Елубаева. Оның айтуынша, қорққан әйел полицияға жүгіріп кеткен. "Еркек осы кезде жақын маңда ойнап жүрген өзінің ұлына ас пышағын сұғып алған. Осыдан кейін ол осы пышақпен өзіне қол жұмсаған",- деп түсіндірді баспасөз қызметіндегілер.

Полицейлердің мәліметтеріне сүйенсек, оқиға болған жерге келген дәрігерлер ұлы мен әкесінің "жедел жәрдем" келгенше қайтыс болғандықтарын белгіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны