31.07.2008, 16:44 6328

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері "Көгілдір шығанақ" ("Голубой залив") демалу базасында демалып жатқан кісі өлтіруге күдікті адамды қамауға алды

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері "Көгілдір шығанақ" ("Голубой залив") демалу базасында демалып жатқан кісі өлтіруге күдікті адамды қамауға алды

Семей. 31 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының полицейлері "Көгілдір шығанақ" ("Голубой залив") демалу базасында демалып жатқан кісі өлтір оқиғасына қатысы бар күдікті адамды қамауға алды. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысының ІІД баспасөз қызметі хабарлады.

ІІД ақпаратына сүйенсек, биыл 27 шілдеде Бұқтырма су қоймасындағы "Көгілдір шығанақ" ("Голубой залив") демалыс базасында 32 жастағы Өскемен тұрғыны 31 жастағы демалушыны тапаншамен атып тастаған. "Бұл түнгі сағат екіде болды. оқиға куәгерлері бар. Олардың әрқайсысы өз топтарымен бірге "Дельфин" дәмханасында демалған. Олардың арасында дау туындап, олар жағажайға мәселені шешу үшін кеткен. Бірнеше минуттан кейін атыс үні естілген", - деп хабарлады баспасөз қызметі. Зардап шегуші ауруханаға барар жолда жан тапсырды.

Оқиға орнына шұғыл тергеу тобы келгеннен кейін шамамен 4-5 оқ атылғаны анықталған. "Тапанша осы уақытқа дейін табылған жоқ. Дегенмен оқиға орнынан гильзалар табылды. Қазіргі уақытта сот-медициналық, баллистикалық сараптамалар жүргізілуде. Мамандар соларға сүйене отырып, тиісті қорытынды шығарады", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны