12.07.2013, 15:03 9692

Шығыс Қазақстанда 5 жасар қыз 3 күн бойы елсіз далада қонған

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қыз атасы жолда қайтыс болғаннан кейін 3 күн бойы елсіз далада қалып қойған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Өскемен. 12-шілде. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстанда 5 жасар қыз 3 күн бойы елсіз далада қонған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Шығыс Қазақстан облысында 5 жасар қыз атасы жолда қайтыс болғаннан кейін 3 күн бойы елсіз далада қалып қойған, деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

"8 шілдеде ер адам 5 жасар немересін ертіп Феклистовка ауылынан 18 шақырым жердегі омартаға (бал арасының ұялары) ГАЗ 69 автокөлігімен жолға шығады", - делінген хабарламада.

Омартаға 3 шақырым қалғанда автокөлікті жүргізіп келе жатқан ер адамның жүрек талмасы ұстап, көз жұмады.

Қыз 2 күн бойы печенье мен лимонадты талғажау етіп, көлікте отырады. Лимонад таусылған соң, үшінші күні су іздеп шығып, адасып кетеді. Баланың сөзіне қарағанда, ол түнді шөптен төсек орын жасап, ашық аспан астында өткізген.

Таңертең сағат 11-де жергілікті тұрғындар көлікті тауып алады.

Жергілікті атқарушы органдар дереу қызды іздеуге кірісіп, ШҚО ТЖД-ға хабар берген.

11 шілде күні кешкі сағат 18:11-де жергілікті телімдердің бірін қарау кезінде іздеу тобы қызды табады.

Құтқарушылар қыздың денсаулығына ешқандай қауіп төнбеген деп отыр. Қазір бала ата-анасының жанында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны