14.08.2006, 11:17 3168

Шығыс Қазақстанда 700 гектар жерде далалық өрт шықты

АСТАНА. 14-тамыз. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстанда 700 гектар аумақта орман мен далалық өрт шықты. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, өрт Бесқарағай ауданының Долон орман шаруашылығында 13-тамызда 17 сағат 20 минутта шыққан. Шаруашылықтың 149, 141, 129, 101, 100, 72, 71 және 128-ші кварталдары өртенген. Өрттің жалпы аумағы 700 гектарды құрады.

Өртті сөндіруге 126 адам мен 36 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 25 адамы мен 8 техникасы жұмылдырылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны