30.01.2008, 08:54 1537

Шығыс Қазақстанда қуаты алты балл жер сілкінісі болды

Шығыс Қазақстанда қуаты алты балл жер сілкінісі болды

Алматы. 30 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстанда бүгін түнде қуаты алты балл жер сілкінісі болды. Бұл туралы ҚР ТЖМ ҚР Білім және ғылым министрлігінің Сейсмология институтына сілтеме жасап хабарлайды.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 қаңтар күні түнгі 2 сағат 02 минутта Қазақстан мен Ресей шекарасында, кіндігі Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 980 шақырымда жер сілкінісі тіркелді. Бұл жерге ең жақын орналасқан елдімекендер - Семей және Зайсан қалалары.

ТЖМ баспасөз қызметінің мәліметінше, сілкініс қуаты ошағында алты балл болды. Семейде қуаты 2-3 балл жер асты дүмпулері сезілді. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны