05.10.2010, 14:12 3348

Шымбұлақта аспалы жол салу барысында Түркиядан келген инженер мерт болды

Шымбұлақта аспалы жол салу барысында Түркиядан келген инженер мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 5 - қазан. Kazakhstan Today - Шымбұлақта аспалы жол салу барысында Түркиядан келген инженер мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 13.40 Түркиядан келген 36 жасар инженер Алматы қаласы Шымбұлақ шатқалында қанатты жолдарды жөндеу барысында бетонды тасымалдауға арналған тікұшақтың сыртқы бетіндегі асқышқа ілініп қалып, 150 метр биіктіктен құлап кеткен.

Соның салдарынан ол оқиға орнында мерт болды, деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны